Павлодар жедел жәрдем көлігі үш күн ішінде ЖРВИ-мен ауыратын 50-ге жуық науқасты ауруханаға жатқызды

2399

Ішкі істер министрлігінің тоғыз курсанты бірден ауруханаға жеткізілді. 

Павлодар жедел жәрдем көлігі үш күн ішінде ЖРВИ-мен ауыратын 50-ге жуық науқасты ауруханаға жатқызды Фото: inbusiness.kz

Аймақтық 103 қызметі жедел респираторлық вирустық инфекцияларға байланысты қоңыраулар санының артқанын тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Егер тәулік сайын жедел жәрдем орташа есеппен 600-700 қоңырауды пысықтаса, онда соңғы үш тәулікте қызметке келіп түскен қоңыраулар санының айтарлықтай өсуі байқалады. Мәселен, жұмада – 794, сенбі – 871, ал жексенбіде – 907 қоңырау келіп түскен. Сарапшылар мұны ЖРВИ ауруының өршуімен байланыстырады.

Облыстық 103 стансасы басшысының орынбасары Ольга Вербованың айтуы бойынша, 1 және 3 желтоқсан аралығында 2572 қоңырау орындалған. Олардың шамамен 30%-ы жедел респираторлық вирустық инфекциялармен ауыратын адамдардан келіп түсті. Әрине, ересектерге қарағанда, ЖРВИ-мен жиі ауыратын балалар – соңғы үш күнде 538 қоңырау соғылды. Бұл ретте ауыр жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауыратын 46 адам ауруханаға жатқызылды, ал оның 27-сі – балалар.

Айта кетейік, өткен аптада Қазақстан ІІМ оқу орталығының бірнеше курсанттарында инфекция анықталды. Тоғыз адам жедел жәрдем арқылы модульдік ауруханаға жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу