Оқиға осыдан 14 жыл бұрын Павлодар қаласындағы саяжайлардың бірінде болған. Сол жерден зорлық белгілері бар егде жастағы әйелдің денесі табылған. Қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмаған істер қатарында тұрғанымен, оны тергеу тоқтатылмаған.
Прокуратура мен жедел-тергеу тобы істі қайта зерделеп, заманауи криминалистикалық әдістерді қолдану арқылы күдіктінің ізіне түскен.
Тергеу нұсқасы бойынша, қылмысқа Павлодар облысы Успен ауданының 62 жастағы тұрғыны қатысы болуы мүмкін.
Прокуратура мәліметінше, сот сараптамалары мен жедел-іздестіру шаралары барысында істі сотқа жолдауға жеткілікті дәлелдер жиналған. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Күдіктінің кінәлі не кінәсіз екеніне түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.