Павлодарда 15 жылқыны ұрлағандар қолға түсті

298

Павлодар облысының Аққулы ауданында 15 бас жылқыны ұрлады деген күдікке ілінген бірнеше ер адам анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодарда 15 жылқыны ұрлағандар қолға түсті Фото: бейнежазбадан

Полицияның мәліметінше, жылқылар иелерінің қарауынсыз жайылып жүрген жерінен қолды болған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілердің ізіне түскен тәртіп сақшылары олардың бірін уақытша ұстау изоляторына қамады.

"Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", – деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Осыған байланысты полиция мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмауды, жайылымдарды тұрақты бақылауды және жануарларды сәйкестендіру құралдарын пайдалануды ескертеді. Сондай-ақ мал қораларына бейнебақылау камераларын орнату ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу