Іздеу-құтқару шаралары үздіксіз жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір Ертіс өзені аумағында 1976 жылы туған әйелді іздеу шаралары жүргізілуде.
– Акваторияны толықтай тексеруге ерекше назар аударылды. Құтқарушылар мен сүңгуірлер су айдыны мен жағалау аймағын зерттеу үшін арнайы жабдықтарды, соның ішінде жүзу құралдары мен эхолотты қолданып, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.
ТЖД қызметкерлері полициямен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп, жағалауды жаяу тексеріп жүр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу