Павлодарда 59 санитарлық автокөлік қолданысқа берілді

905

Павлодарда 59 санитарлық автокөлік қолданысқа берілді

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ауруханаларға арналған 59 санитарлық автокөліктің кілтін табыс етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл көліктер 12 қалалық және аудандық ауруханаларға арналған. Жылдың соңына дейін аймақта ақ желеңділер қосымша 19 машина мен 10 реаномобильге ие болады.

"Өз ісінің хас шебері атанған медицина саласы қызметкерлерінің  еңбегінің арқасында материалдық-техникалық  базаны нығайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде...Бүгінгі таңда  өңірде денсаулық сақтау саласында екі мыңнан астам және орта буында алты мыңға жуық адам істейді. Олардың әрқайсысына және осы саланың дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлерге ерекше алғыс білдіргім келеді. Айта кетерлігі, өңірде 2012 жылы санитарлық көлікпен қамтамасыз ету 76 пайызды құраса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткен. Бұл еліміз бойынша үздік жетістік", - деді Болат Бақауов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу