Павлодарда әйелді зорлаған күдікті ұсталды

879

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодарда әйелді зорлаған күдікті ұсталды Фото: Ашық дереккөз

Бұл туралы зардап шеккен әйел Instagram желісінде мәлімдеді.

- Мені зорлағаннан кейін ол аузымды басып, тұншықтырып, өлтіретінін айтты. Мені ешкім таба алмайтынын айтып қорқытты. Ол адам әліге бостандықта.  Мені ауруханаға ес-түссіз, ауыр жағдайда алып келді. Мен өзім үшін және кәмелет жасына толмаған екі қызымның өмірі үшін қорқамын,  - деді әйел.

Аталған оқиғаға қатысты  Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр түсініктеме берді.

- Күш қолданумен зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бірқатар қажетті сараптамалар  тағайындалды, - деді Василий Скляр. 

Айта кетелік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық - процестік кодексінің 201- бабына сәйкес  тергеу мүддесінде  басқа ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу