Павлодарда аялдаманы бүлдірген көлік жүргізушілері анықталды

521

Қос аялдама да жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлінген, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Павлодарда аялдаманы бүлдірген көлік жүргізушілері анықталды Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полицейлер екі бейнежазбаға назар аударған. Онда жүргізушілер облыс орталығындағы автобус аялдамаларына автокөліктері арқылы зақым келтірген.

"Тексеру барысында 26 желтоқсан күні сағат 10:45 шамасында Павлодар қаласы академик Сәтбаев көшесі, 253/1 үйге қарама-қарсы келе жатқан маршруттық автобус аялдамаға соғылғаны анықталды. Сол күні сағат 13:16-да Малайсары батыр көшесімен келе жатқан "Мазда" маркалы автокөліктің жүргізушісі "Гранта" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соққыдан "Мазда" автокөлігі автобус аялдамасына келіп соғылған", - делінген хабарламада.

Қазір екі жүргізуші де анықталды. Әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді.

Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына материалдық залалды өтеу және зақымдалған автобус аялдамаларын қалпына келтіру үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу