Павлодарда азаматтарды ит қапты

682

Павлодарда азаматтарды ит қапты, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Павлодарда азаматтарды ит қапты

“21 тамыз күні сағат 06:31-де “102” нөміріне Бекхожин көшесіндегі Сауда үйлерінің бірінің артында белгісіз ит ер адамды тістеп алғаны және өтіп бара жатқан адамдарға қарай шапқаны туралы қоңырау келіп түсті”, – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, оқиға орнына Павлодар қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының АП-627 автопатрулі жіберілді. Келген бойда полицейлер өтіп бара жатқан адамдарға жүгіріп, өзін агрессивті ұстаған Алабай тұқымды итті көрді.

Сондай-ақ ер адам бұл иттің әйелге шабуыл жасағанын, кейін өзін де тістеп алғанын айтып, полицияға жүгінді. Жағдайды бағалап, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында полиция кіші лейтенанты Ерсін Шахманов ПМ-9 мм қызметтік қаруын қолданып, екі рет оқ атты. Ит тірі, ветеринарлық қызметке тапсырылды. Оның иесін анықтау шаралары жүргізілуде.

Жәбірленуші, 33 жастағы ер адам – Полиция департаментінің қызметкері – жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді, оған “оң жақ білегінің екінші санатты тістеу жарақаты” диагнозы қойылды. Жәбірленушінің айтуынша, ол таңғы уақытта жұмысқа шыққан. Өтіп бара жатып, белгісіз иттің әйелге шабуыл жасағанын көреді. Ойланбастан жүгіріп келіп, әйелді жауып, иттен құтқарады. Ит оған да атылған. Полицияны куәгерлер шақырған. Полиция қызметкерінің қызметтік қару қолдану фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу