Павлодарда бағбаншылық топ мұқтаж жандарға арнап 50 келі картоп отырғызды

870

Павлодарда бағбаншылық топ мұқтаж жандарға арнап 50 келі картоп отырғызды

Павлодарда "Жасыл ел бағбаншылығы" деп аталатын жаңа жастар еңбек жасағы құрылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

Агенттікке облыстық студенттік жастар еңбек жасағының командирі Рамиль Смаилов хабарлағандай, жоба павлодарлық экология және туризм орталығында бастау алған.

Алты сарбаздан тұратын топ елу келі картоп отырғызды. Жастар көкөністі күтіп, баптаумен айналысатын болады. Ал, күзде өнім мұқтаж жандарға таратылады. "Жасыл ел" жобасы аясында мұндай жұмыстар жас ұрпақты еңбекті бағалауға және жұмыс істеуді үйренуге баулиды, - дейді Рамиль Смаилов.

Еске сала кетейік, 2017 жылы өңірлік штаб екі мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Оларға 15 мың теңгенін орнына, қосымша 31 мың теңге еңбекақы төленеді. Алайда мұндай қаржы ауыр жұмыс істейтін жастарға беріледі. Бұл қатарға құрылыс жұмыстарына қатысатын, экологиялық жасақтардағы және жұмыс күні алты сағаттан асатын сарбаздар жатады. Жасылделдіктердің негізгі жалақысы 31 мың теңгені құрайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу