Павлодарда балаларды қағып кеткен вагон жүргізушісі екі жылға сотталды

745

Павлодарда балаларды қағып кеткен вагон жүргізушісі екі жылға сотталды

Павлодарда соңы қайғылы аяқталған жол апатына қатысы бар 30 жастағы вагон жүргізушісіне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 
Қылмыстық істер жөніндегі Пвлодар қаласының №2 соты трамвай жүргізушісін ҚР ҚК-нің  345-бабы, үшінші бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. 
"Көлік басқарумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан бес жылға айыру және минималды қауіпсіз түзету мекемесінде бас бостандығына шектеу қою түрінде жаза тағайындалсын", - деді судья Думан Серікбаев. 
Сонымен қатар, сот Павлодар трамвай басқармасының басшылығына жұмыс істемейтін спидометрі бар трамвайды жолға шығарған жауапты тұлғаларды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін жеке қаулы шығарды.  
Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты 7 қыркүйек күні орын алған. Трамвай  реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кеткен. Салдарынан бірі оқиға орнында қайтыс болған. Шынар Уәлитованың балаларын жалғыз өзі өсіріп отырғанын білген павлодарлық "Еріктілер клубы" мен облыстық білім саласының қызметкерлері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Халықтың жиналған қаржысына зардап шеккен отбасыға Екібастұз қаласынан үш бөлмелі пәтер сатып алынып, қажетті жиһаздары жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу