Осылайша, Успен ауданының прокуратурасы Константиновка ауылы тұрғындарының өтінішін қарау барысында балалардың мектепке дейінгі білім алуға қолжетімділік жөніндегі конституциялық құқықтарының бұзылғанын анықтаған.
– Балабақшада топтың нормативтік сыйымдылығы 26 орын бола тұра, мекеме директоры тәрбиеленушілерді қабылдауды негізсіз түрде 20 баламен шектегені белгілі болды. Нәтижесінде, жалпы үй саны 200-ден аспайтын ауылдық округте заңсыз түрде 9 баладан тұратын кезек қалыптасқан, – делінген хабарламада.
Қадағалау актісін қарау қорытындысында заң бұзушылықтар жойылған. Бұрын кезекте тұрған балалар мектепке дейінгі ұйымға қабылданып, медициналық құжаттама белгіленген талаптарға сәйкестендірілген.
Қорытындысында балабақша басшысына қатаң тәртіптік жауапкершілік қарастырылды.