"Әруақтарды шақыруға барған": Павлодарда бір топ бозбала зират күзетшісін пышақтап кетті

99

Тергеу басталды.  

"Әруақтарды шақыруға барған": Павлодарда  бір топ бозбала зират күзетшісін пышақтап кетті Фото: astanatv.kz

Павлодарда зират күзетшісіне қатыгез шабуыл жасалды. Ауыр жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған бір топ бала зиратқа заңсыз кірген. Оларды тоқтатпақ болған күзетшіге шабуыл жасалып, оннан астам пышақ жарақаты салынған.

Зардап шеккен азамат 66 жастағы ер адам дәрігерлер медициналық көмек көрсетті. Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Аталған факті бойынша полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу