Павлодарда бірнеше ауданда уақытша жарық сөндіріледі

195

Оған себеп электр желісіндегі жөндеу жұмыстары. 

Павлодарда бірнеше ауданда уақытша жарық сөндіріледі Фото: Inbusiness.kz

Ол қатарда Хромзавод және Лесозавод шағын аудандарындағы тұрғын үйлер де бар, деп жазады inbusiness.kz @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, 31 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін электр желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты Катаев көшесі, 40 және Хромзавод пен Лесозавод шағын аудандарындағы тұрғын үйлерде жарық болмайды.

Сонымен қатар,  Гагарин көшесі, 60, 62, 64 көпқабатты үйлер де сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін электр қуатынан ажыратылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу