Павлодарда дене шынықтыру мұғалімінен есірткі заты табылды

229

Педагог қызметін тиісінше бақыламағаны үшін мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды.

Павлодарда дене шынықтыру мұғалімінен есірткі заты табылды Фото: canva.com

Педагог қызметін тиісінше бақыламаған мектеп директоры тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты @Pavlodarnews.kz-сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2023 жылдың қазан айында 26 жастағы павлодарлықты полиция қызметкерлері психотроптық зат алып жүргені үшін ұстады.

- Ұстау кезінде жігіттің жанында әйелі болды. Анықталғандай, ол психотроптық заттарды пайдаланады және облыс орталығындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істейді. Тергеуші білім беру органдарына ұсыныс жолдады, ол бойынша шешім қабылданды,- деді облыстық ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Шешім бойынша дене шынықтыру мұғалімімен еңбек шарты бұзылды.

Сонымен қатар, педагог қызметін тиісінше бақыламағаны үшін мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу