Павлодарда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 млн теңгеден беріледі

181

Жалпы өңір бойынша 3,8 мыңнан астам адам мұндай көмек түріне ие болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Павлодарда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 млн теңгеден беріледі Фото: kaztag.kz

Тыл еңбеккерлеріне теңестірілген азаматтарға 10-40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Павлодар облысының аумағында көзі тірі 7 соғыс ардагері бар. Жеңіс күніне орай олардың әрқайсының шотына 2 млн теңгеден біржолғы төлем аударылады.

"Жалпы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар мен жараланғандар және тыл еңбеккерлеріне теңестірілген 3,8 мыңнан астам азамат жалпы сомасы 350 миллион теңге біржолғы төлем алады. Жеті соғыс ардагерінен өзге азаматтарға тағайындалған төлем мөлшері – 10-40 айлық есептік көрсеткіш", - деп хабарлады өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова.

Қаражат "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы ұсынған тізімге сәйкес алушылардың дербес шоттарына автоматты түрде аударылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу