Павлодарда электрод шығаратын зауыт іске қосылды

1005

Павлодарда электрод шығаратын зауыт іске қосылды

Павлодарда құны 40 млн теңге болатын электрод шығаратын зауыт іске қосылды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Интерфакс-Казахстан".

"Кәсіпорын шығарғалы отырған қолмен дәнекерлеуге арналған электродтар Ресейде және Қазақстанда сынақтан өткізілген. Компанияның өнімдерін Қазақстанмен қатар, алыс-жақын елдердің энергетикалық кешен, көлік жасау, металлургия, мұнайгаз кешені, құрылыс, тау-кен өндірісі кәсіпорындары тұтынатын болады", делінген хабарламада.

Зауыт жыл соңына дейін 40 тонна дәнекерлеу электродын шығаруды көздеп отыр. "Павлодар электрод зауыты" ЖШС әр ауысымда 2 тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы. Кәсіпорынға қондырғы Мәскеудің "Ротэкс" компаниясынан жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу