Павлодарда ер адам биіктіктен құлап кетті

133

Оқиға орнына дереу Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы жөнелтілді. 

Павлодарда ер адам биіктіктен құлап кетті Фото: 112_pavlodar_tjd

2025 жылдың 29 мамырында Павлодардағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің аумағында ер адам биіктіктен құлап кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар альпинистік құралдар мен қатты зембілді пайдаланып, биік тау жұмыстарын жүргізу кезінде 8 метр биіктіктен құлап кеткен 1989 жылы туған ер адамды түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", – деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу