Павлодарда ер адам танысын пышақтап өлтірді

121

Оқиға Заслонов көшесіндегі үйдің кіреберісінде болған.  

Павлодарда ер адам танысын пышақтап өлтірді Фото: freepik

21 шілдеге қараған түні Павлодар қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында қайғылы жағдай тіркелді. Ер адамдар арасындағы тұрмыстық жанжал бір адамның өлімімен аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, жанжал кезінде ер адам танысына пышақпен шабуыл жасаған. 

Жәбірленуші оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды.

"Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу