Павлодарда ерекше баланы ұрған тәрбиешінің видеосы тарады

823

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Павлодарда ерекше баланы ұрған тәрбиешінің видеосы тарады Фото: видеодан алынған кадр

Павлодарда тәрбиеші ерекше баланы ұрған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балаларды түзету орталықтарының бірінде қызметкер балаға дөрекілік көрсетіп отырған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып кетті. Автордың айтуынша, қатыгездік танытқан тәрбиеші жұмыстан шығарылды. 

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Наталья Покидованың сөзінше, мекеменің тәрбиешісіне қатысты ҚР ҚК-нің 140-бап (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша іс қозғалды. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу