Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін көпір жабылды

119

Жүргізушілерге "Нұрлы жол" көпірі арқылы балама жол ашылды.  

Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін көпір жабылды Фото: azattyq.org

Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы өтетін автомобиль көпірі уақытша жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметінше, 8-11 сәуір аралығында Павлодар облысында "Павлодар – Астана" автожолының учаскесіндегі Ертіс өзені арқылы өтетін көпірде жол жабынын қалыпқа келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Көпірдегі жөндеу жұмыстарына байланысты Астана – Ерейментау – Шідерті – Павлодар – Успен – РФ шекарасы автожолының 1381-1382-шақырымында жүк және жеңіл көліктер қозғалысына шектеу енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу