Павлодарда есірткі шеккен жүргізуші автобус жүргізген

145

Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Павлодарда есірткі шеккен жүргізуші автобус жүргізген Фото: Polisia.kz

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Академик Шөкин көшесінде "Фольксваген" автобусын  өте баяу айдаған жүргізуші тәртіп сақшыларының назарына түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

– Медициналық сараптама жүргізушінің шынымен де есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені туралы полицияның күдігін растады. Көлікті тоқтатқан кезде автобуста жолаушылар болмаған. Жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сот ер адамды 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков. 

Облыс аумағында "Автобус" республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Полицейлер автобустардың техникалық жай-күйін, жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексерулерден өтуін, тіркеу құжаттарының болуын тексереді. 

Қазірдің өзінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзуы бойынша 53 факті тоқтатылды. Жүргізушілердің көпшілігі маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады. Рульде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін  13 адам жазаланды. Автокөлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 5 фактісі және мас күйінде автокөлікті жүргізудің екі фактісі анықталды. Айып тұрағына бес көлік қойылды.

Тәртіп сақшысы жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобус жүргізушілері өздері тасымалдайтын жолаушылардың қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік артатынын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу