Ер адам пайда табу мақсатында тыйым салынған зат салынған орамаларды супермаркеттегі жеке заттарды сақтауға арналған ұяшыққа жасырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Күдікті есірткіні байланыссыз тәсілмен сатып алып, бір реттік дозаларға бөліп, Павлодар қаласының аумағында жасырын құпия орындар арқылы сатуды жоспарлаған екен. Мұның бәрі тергеу барысында анықталды.
– Күдіктіні жеке тінту барысында каннабистік тектегі есірткі заты бар 2 орама мен 3 темекі өнімі анықталды. Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары, электронды таразы, орау құралдары және zip-пакеттер тәркіленді. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 300 грамнан асты, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.