Павлодарда фермерлер базарына дейін трамвай ақысы тегін болмақ

517

Алайда, трамвай тек жәрмеңке өтетін күндері ғана жолаушыларды тегін тасымалдайды.  

Павлодарда фермерлер базарына дейін трамвай ақысы тегін болмақ Фото: Валерий Бугаев

Мұндай тапсырманы облыс әкімі Асайын Байханов берді, деп жазады inbusiness.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аймақ басшысы Асайын Байханов жаңа сауда орнындағы жұмыс қорытындысымен танысты. Облыс әкімі жобаны жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Базар құрылысы 2021 жылдың көктемінде басталған. 1,3 гектардан астам аумақта жабық базар, қойма, сонымен бірге көше саудасына арналған павильон орналасқан.

"Залда әрбір сатып алушы қажет болған жағдайда оларды пайдалана алатындай бақылау таразысын орнату қажет. Халықтың арасындағы кезек сүтке деген сұраныс бар екенін көрсетеді. Сүтті ашық жерде тұратын тасығыш көліктен емес, сатып алушыларға ыңғайлы үй-жайда сату керек", - деп атап өтті Асайын Байханов.

"Jailau" базарына №1, 3, 6, 7 трамвай маршуттарымен жетуге болады. Сауда орны ашылған күні вокзалдан №42 автобус жолға шығады.

"Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетін күндері базарға дейін трамвайлармен таңертең және түскі асқа дейін жол ақысы тегін қоғамдық көлік ұйымдастыру қажет. Автобус аялдамасының да ыңғайлы орында болуын шешу керек", - деп тапсырды облыс әкімі.

Сондай-ақ, Асайын Байханов тұрақты түрде түрлі жеңілдіктер акциялары мен ұтыс ойындарын өткізуді ұсынды. Айта кету керек, мұндағы барлық өнімдер нарықтан 10-15% төмен болады. Қазіргі уақытта өнімді тұрақты сатумен айналысатын 32 саудагермен шарт жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу