Павлодарда иісшіл ит погондағы аруларды ерекше тәсілмен құттықтады

442

Павлодар облысы полицейлері әріптестерін 8 наурыз мерекесімен құттықтау іс-шарасында "Блонди" есімді ит өз үлесін қосты.  

Павлодарда иісшіл ит погондағы аруларды ерекше тәсілмен құттықтады Фото: polisia.kz

Аталған ерекше жайтты Polisia.kz сайты мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Ол арнайы команда бойынша погондағы ханымдарға жақындады, сүйкімді иттің қабырға тұсында гүлдер болған.

Аталған ерекше құттықтау ханымдарды қатты қуантқан. Жағымды бонус ретінде қызметкерлер онымен бірге фотоға түсті.

Блонди 7 жылдан бері құқық қорғау органдарында қызмет етеді. Ол оқиға орнында иісті индификациялау бойынша өз ісінің маманы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу