Павлодарда инелікке ескерткіш қойылды

659

Мүсіншілер мұндай жұмысқа қаржы көп кетпейді деп есептейді.  

Павлодарда инелікке ескерткіш қойылды Фото: khabar24.kz

Темірден соғылып, тұғыры бетоннан құйылған инелікті гүлзардың үстіне қондыру жоспарланып отыр. Ал тапсырысты саябақты абаттандырып жатқан мердігер фирма берген, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Жалпы бұл жәндікке деген павлодарлықтардың құрметі бөлек. Тіпті инелікті  қаланың символына айналдыру керек деген бастама да көтеріп жүр. Өйткені жаз шыға Ертіс өңірінің халқы қансорғыш жәндіктерден зардап шегеді. Маса-шіркейлерді жоюға бюджеттен қыруар қаржы да бөлінеді. Бірақ атқарылған жұмыс тиімділігін көрсете бермейді. Тек инелік шыққанда ғана зиянкестердің көзі жоғалады. Мәселен, бір инелік екі сағатта  40 шақты шыбын-шіркейді жояды екен.

"Мынау инелік темірден жасалған. Темірден жасау қиын ол, оңай емес. Сондықтан бұл декоративті скульптура. Қанаты да мынандай шынымен қапталған. Қасымда бірге істейтін жігіт, төрт жыл болды бірге істейміз осы қалада, басқа жақтарда мүсін жасаймыз", - дейді мүсінші Марат Әбілқасымов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу