Іздеуде жүрген барлығы 15 қылмыскер қолға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазақпарат" агенттігіне сілтеме жасап.
"Ұсталған қылмыскерлердің ішінде тонау, ұрлық, зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғалары, көлік ұрлығы және есірткі қылмыстары бойынша іздеуде жүргендер бар. Мысалы, туған елінде жол-көлік оқиғасын жасап, қаржыны жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Душанбедегі әріптестерімізге хабар берілді", – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінен.
Тәртіп сақшылары әділеттен қашып құтылудың ешбір жолы жоқ екенін айтады.
Қашқындар тіпті шетелде жасырынса да, жасаған әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтылмайды.