Павлодарда қайда тұрғанын айтқан адамға иесі миллион теңге беруге уәде етілген көлік табылды

999

Павлодарда қайда тұрғанын айтқан адамға иесі миллион теңге беруге уәде етілген көлік  табылды

Павлодарлық тұрғынның осыдан бірнеше күн бұрын белгісіз біреу мініп кеткен "Лексус GХ-460" маркалы темір тұлпары табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жоғалған темір тұлпар қала шетіндегі контейнерлердің бірінен табылды. Көлікке ешқандай зақым келмеген. Қазіргі уақытта қажетті тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, аталмыш оқиғаға қатысы болуы мүмкін күдіктілерді анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 6-ақпан күні жоғалған көліктің иесі әлеуметтік желілер арқылы жоғалған дүниені тауып берген адамға 1 000 000 теңге көлемінде сыйақы беруге дайын екені туралы хабарлама таратқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу