Павлодарда қайық аударылып, бір адам жоғалып кетті: Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

190

Ертіс өзенінде аударылып кеткен қайықтағы 5 адамның біреуі әлі табылмай жатыр.  

Павлодарда қайық аударылып, бір адам жоғалып кетті: Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Құтқарушылар ер адамды екінші тәулік қатарынан іздеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздеу жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 6 қызметкері, 3 жүзу құралы және эхолоттар жұмылдырылған.

Эхолоттың көмегімен Ертіс өзенінің 35 шақырымға дейін түбі зерттелген. Сонымен қатар сүңгуірлер 11 рет суға түсіп, өзен түбінің шамамен 5 мың шаршы метр аумағын тексерген.

Оқиға Жанауыл ауылының маңында болған. Бұл жерде алюминий қайық аударылып кеткен. Оның ішінде 5 адам болған. Төртеуі өз бетімен жағаға шыққан. Ал 1983 жылы туған ер адам суға батып кеткен болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу