Павлодарда қаланы айнала ұшқан ұшақ жұрттың зәресін алды

298

Павлодарда қала аспанын қайта-қайта айналып ұшқан ұшақ көпшілікті алаңдатып қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Павлодарда қаланы айнала ұшқан ұшақ жұрттың зәресін алды Фото: бейнежазбадан

Жақында ғана қайта ашылған әуежайдан бұрын әуе кемелері бұлайша жиі көтерілмейтін.

Тұрғындардың айтуынша, ұшақ шаһар аспанына бірнеше мәрте көтеріліп, қараңғы мезгілде 2-3 сағат бойы ұшумен болған. 

Қала аспаны гүрілге толып, кешкілік жұмыстан үйлеріне оралып жатқан жұртшылық алаңдай бастады.

Анықтағанымыздай, көптің мазасын алған ұшақ ҚР Ұлттық ұланының ұшағы болып шықты.

“Павлодар әуежайы маңында ұшу құрамын қысқы кезеңге дайындау аясында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары өткізіліп жатыр. Ұшулар штаттық режимде, кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Ұшқыштар қысқы уақытта кез келген жағдайға дайын болуы үшін әуеде түрлі әдістермен ұшады. Көпшіліктен алаңдамауды сұраймыз”, – деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу