Павлодарда "Қамқорлық" акциясы аясында 1,3 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді

2485

Шара 10 ақпанға дейін жалғасады.

Павлодарда "Қамқорлық" акциясы аясында 1,3 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді

Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінде 2019 жылғы 10 қаңтардан бастап "Қамқорлық" акциясы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Егер сіз балалардың әлеуметтік себептермен (киімнің, аяқ киімнің, мектепке керек-жарақтарының болмауы) және панасыз, қараусыз қалуына байланысты келмеу фактілеріне куәгер болсаңыз, Павлодар қаласы білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі секторының 32-77-80 телефонына хабарлауыңызды сұраймыз", – дейді қалалық білім беру бөлімінде.

Акция басталғаннан бері әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 251 оқушы демеушілік қаражат есебінен жалпы сомасы – 993,0 мың теңгеге, 1081 оқушы жалпы сомасы 7898,8 мың теңгеге кеңсе тауары, киім, аяқ киім түрінде көмек алды. Демеушілер ретінде ата-аналар, педагогтар, жеке кәсіпкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындар қолдау танытты.

Мектептерде киім-кешек жинау ұйымдастырылып, қайырымдылық жәрмеңкелері, концерттер, макулатура, қақпақтар жиналып, түскен қаражат мұқтаж балаларға көмек көрсету бойынша жалпы жиынтыққа жіберіледі.

Павлодар сала және қызмет көрсету колледжімен бірге көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан 35-тен астам баланың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шашын тегін қиып берді.

Акция аясында қайырымдылық көмек көрсету үшін демеушілерді, мемлекеттік құрылымдарды, кәсіпорындарды тарту жұмыстары жүруде. Шара 10 ақпанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу