Павлодарда каналға шомылуға барған жасөспірім суға батып кетті

130

Жасөспірім тыйым салынған жерде суға түскен.

Павлодарда каналға шомылуға барған жасөспірім суға батып кетті Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

Павлодар облысының Ақкөл ауылында 2009 жылы туған ер бала суға батып кетті. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Екібастұзға қарасты Ақкөл ауылында болған қайғылы оқиға туралы хабарлама 2 маусым күні сағат 15.40-та келіп түскен. Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары шұғыл түрде көлге барып, сүңгуірлік-құтқару жұмыстарын жүргізді. Жасанды каналда сүңгуірлік-іздестіру жұмысын жүргізу барысында (суару арнасында) сағат 17.00-де 2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім тыйым салынған жерде шомылған. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады департаменттен. 

Департамент мамандары тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және шомылуға тыйым салынған су айдындарында суға түспеуді ескертеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу