Павлодарда қаңғыбас жануарларға баспана салуда қиындықтар туындады

531

Алайда, Экология министрлігі нормативтерді ұсынбағандықтан құрылысты бастау мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда қаңғыбас жануарларға баспана салуда қиындықтар туындады Фото: turkystan.kz

Қаңғыбас жануарлар арнап мемлекеттік баспана салу жоспары көптен бері талқыланған. Алайда жауапты министрлік тіпті, үйсіз жануарларды есепке алудың мәліметтер базасын жасамаған. Мұның бәрі жұмысқа кедергі.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Өтешовтің дерегінше, облыстың үш қаласында қаңғыбас жануарларға арналған мемлекеттік баспаналар салу үшін орындар таңдалған, мердігер де белгілі. Әр қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері.

"Бірақ экология министрлігінің қаңғыбас жануарларды ұстау мен азықтандыру нормативін бермеуіне байланысты жобалық-сметалық құжатты әзірлеу кейінге шегеріліп отыр", – деді Мейрам Өтешов.

Облыс әкімі орынбасарының сөзінше, өңірде жануарларды зарарсыздандыру, чиптеу және мәліметтер базасына енгізу жоспарланған. Алайда, Экология министрлігі бұралқы жануарларды тіркеу базасын әлі жасамағандықтан, бұл жұмыс та ілгерілемей тұр. Мейрам Өтешовтің сөзінше, нормативтердің болмауы жобалау мен құрылысқа бюджеттен қаржы бөлуге кедергі болып отыр. Егер қаржы қазір нормативсіз бөлінсе, тексеру органдары қаражат тиімсіз жұмсалды деп табуы мүмкін.

Жаңа заң бойынша жануарларды атуға болмайды, оларды баспаналарға орналастыру керек. Ал, жануарларды жеке баспаналарда күтіп-бағуға бюджеттен ақша бөлуге заңмен тиым салынған.

Жергілікті билік демеушілердің көмегімен ауланған жануарларға уақытша баспана ұйымдастырып, аумаққа қоршаулар орнатқан. Наурыз айынан бері облыс орталығында 66 қаңғыбас ит ауланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу