Павлодарда керосин толы теміржол цистернасы аударылды

967

Павлодарда керосин толы теміржол цистернасы аударылды

"Әуежай-Павлодар" АҚ-ның кірме теміржолдарында әуе керосині бар екі темір цистернасы жолдан шығып қалып, біреуі аударылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Төтенше жағдай 29-қазан күні орын алған. Темір жолдың зақымдалуынан жанар-жағар майы бар екі темір жол цистернасы жолдан шығып қалды. 60 тонналық әуе керосині бар цистернаның біреуі төңкеріліп, төрт шаршы метрге 2643 келі әуе керосины төгілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу