Павлодарда көкнәр тұқымын желеу еткен есірткі саудасы тоқтатылды

183

Тергеп-тексеруді ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті жүргізді.

Павлодарда көкнәр тұқымын желеу еткен есірткі саудасы тоқтатылды Фото: polisia.kz

Павлодар қаласында есірткі құралдарының заңсыз айналымы және қылмыстық кірістерді заңдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"З.Ф. Алекперовтің есірткі заттары қосылған көкнәр тұқымдарын азық-түлік өнімі ретінде көрсетіп, заңсыз өткізуді ұйымдастырғаны анықталды.

Қылмыстық схемаға күдіктінің жақын туыстары да қатысқан. Олардың арасында жеткізу, сақтау, буып-түю және өткізу міндеттері бөлінген.

Өнімдер басқа өңірден логистикалық компаниялар арқылы жеткізіліп отырған. Сату көкнәр тұқымы мен дәмдеуіштер ретінде жүзеге асырылған.

Тінту барысында есірткі заттары араластырылған көкнәр тұқымдарының буып-түйілген партиялары тәркіленді.

Қаражат қолма-қол ақша түрінде де, банк аударымдары арқылы да қабылданған", – делінген хабарламада.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы екі автокөлік сатып алып, оларды жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген.

Сот үкімімен Алекперов пен оның екі сыбайласына 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді. Сондай-ақ құрамында есірткі заттары бар 321 келі көкнәр тұқымы жойылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу