Павлодарда көпбалалы аналар марапатталды

1105

Павлодарда көпбалалы аналар марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аймақ басшысы Болат Бақауов көп балалы аналарға алтын және күміс алқалар табыстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Достық үйінде өткен кездесуде әкім көп балалы аналарға өзінің шешесінің алтын алқасын сақтап жүргенін айтты.

"Мен өзім көп балалы отбасында дүниеге келдім, - деді Болат Бақауов. – Анамыз әрқайсымызға өз мақсатыңа қол жеткізіп, үнемі өз-өзіңді шыңдап отыруларың керек дейтін. Отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар біздің қоғамның негізгі байлығы болып қала береді. Ұлт көшбасшысының басшылығымен жергілікті атқарушы органдар нәзік жандылардың қазіргі жағдайын жақсартып, сіздердің және балаларыңыздың өмірі бұрынғыдан да жақсы болуы үшін барлығын жасауға тырысады".

Қазақстан президентінің Жарлығымен жеті және одан да көп баланы дүниеге әкеп, тәрбиелеп отырғаны үшін Шарбақты ауданының тұрғыны Галина Моторнаяға, Павлодар ауданында тұратын Жұлдыз Мұхаметжановаға, ақсулық Шілдехан Сәулетханға және облыс орталығының тұрғыны Айнұр Оразалиноваға алтын алқа тапсырылды. Алты бала тәрбиелеп отырған 20 ана күміс алқаға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу