Павлодарда көпбалалы отбасыларға 143 пәтер беріледі

816

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге қарастырылған.

Павлодарда көпбалалы отбасыларға 143 пәтер беріледі

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қазынадан 1,2 млрд теңге бөлінді. Мамыр айында Ақсу қаласындағы Астана көшесі, 58 мекенжайындағы жаңа үйден 57 пәтер сатып алынды. Жыл соңына дейін шаһардағы №14 және 15 шағын аудандардан 56 жер үй берілмек.

"Биыл көпбалалы отбасылар үшін Екібастұз және Ақсу қалаларындағы екінші нарықтан пәтерлерді сатып алып жатырмыз. Талап бойынша, пәтердің жалпы аумағы кем дегенде 60 шаршы метр болуға тиіс. Ал құны 8,4 млн теңгеден аспауы керек. Келесі жылы көпбалалы отбасыларға арналған баспаналарды жаңадан салып, қолданысқа беру жоспарланып отыр", - дейді Павлодар облыстық құрылыс басқармасының басшысы Рүстем Раисов.

Келесі жылы Екібастұз қаласында 14, ал Ақсуда 10 үйдің құрылысы басталмақ. Бұл мақсатқа 8,1 млрд теңге қарастырылған. Пәтерлер көпбалалы отбасыларға үлестірілетін болады.

Айта кетелік, биылдан бастап Павлодар облысында "Нұрлы Ертіс" жобасы іске асуда. Оның аясында Нұр-Сұлтан қаласының көпбалалы отбасылары Екібастұз қаласына көшірілуде. Осы уақытқа дейін бас қаладан қоныс аударған 103 отбасы, яғни 617 адам облыс тұрғыны атанды.

Ақтоты Қабдықайыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу