Павлодарда көшедегі құбырды тазалаған жұмысшы мерт болды

204

Абайсызда болған өлімге қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда көшедегі құбырды тазалаған жұмысшы мерт болды Фото: canva

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Болжам бойынша 12 шілде күні таңертең Н.Назарбаев даңғылы, 17/1 мекенжайы бойынша ЖШС бірінің қызметкері нөсер кәрізінде құбырларды тазалау кезінде басынан алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу