Павлодарда құлаған мектеп ғимаратының астынан ер адамның денесі табылды

125

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Павлодарда құлаған мектеп ғимаратының астынан ер адамның денесі табылды Фото: asaiyn.baikhan

Құтқарушылар мен кинологтар апат аймағында арнайы іздестіру-құтқару жабдықтары мен тепловизорды пайдалана отырып, ер адамның жатқан орнын анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, мәйіт бүгін таңғы сағат 4:31-де қирандылардың астынан табылған.

"Таңертең жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар мәйітті үйінді арасынан шығарып алды", – делінген Павлодар облысы ТЖД хабарламасында.

Алдын ала ақпарат бойынша, үйіндінің астында 1967 жылы туған ер адам қалуы мүмкін.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу