Павлодарда құтқарушылар гараж шатырынан қыз баланы эвакуациялады

576

Қыз бала гараж шатырынан арнайы жабдықтардың көмегімен қауіпсіз түсірілді.  

Павлодарда құтқарушылар гараж шатырынан қыз баланы эвакуациялады Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

Павлодар қаласында ТЖМ құтқарушылары кәмелетке толмаған қызға көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

112 пультіне Ледовский көшесінде орналасқан гараждардың бірінің шатырына шығып кеткен қызға көмек қажет екені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері қыз баланы гараж төбесінен анықтады. Құтқарушылар арнайы құралдар мен альпинистік жабдықтарды пайдаланып, оны зембілмен қауіпсіз жерге түсірді.

Одан кейін қыз медициналық тексеру және қажетті көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері де келген.

ТЖМ ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға, оларды қараусыз қалдырмауға және қауіпті нысандарға жақындауына жол бермеуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу