Павлодарда мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды

330

Бұл туралы Павлодар облысының Білім басқармасы хабарлайды. 

Павлодарда мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды Фото: freepik

Павлодар қаласында ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқитын болады, деп жазады inbusiness.kz сайты Павлодар облысы Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, 8 желтоқсанда ауа-райының күрт нашарлауына байланысты мектепке дейінгі және 1-9 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқу форматына көшірілді. Сондай-ақ, Екібастұз қаласының 0-11 сынып оқушылары мен Ақсудағы 0-9 сынып мектеп оқушыларының сабақтары онлайн режимінде өтеді. Қаладағы ауа температурасы -28 градус аяз, ал желдің жылдамдығы секундына 3-6 метр.

Айта кетейік, Павлодар облысы бойынша, дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, 8 желтоқсанда облыста ауа температурасы минус 40 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу