Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді

114

Павлодар қаласында “Қарасора” іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады.  

Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді Фото: polisia.kz

Жеке тексеру кезінде оның үстінен екі полиэтилен орамға оралған тыйым салынған заттар табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша 6 орама мен бір пакет, сондай-ақ "зип" пакеттер, электронды таразы және орауға арналған құрылғы тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттардың салмағы 8 грамнан асатын синтетикалық есірткі болып шықты. Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істегенін мойындады.

Ол есірткі заттарын жасырып кету арқылы таратуды жоспарлаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК бойынша есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті қамауға алынды, қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу