Павлодардағы мектептердің бірінде мұғалім мен қызының бағасына наразы болған тұрғын төбелесіп қалды. Желіде тараған ақпаратта педагог басынан жарақат алғаны айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Оқиға күндізгі уақытта мұғалім мен қорытынды бағалаудағы нашар бағаға шағымданған ата-ана арасында болды. Жанжалға қатысушылар татуласты, бір-біріне ешқандай шағымы жоқ, – деп хабарлады полиция департаменті.
Ведомство ата-анаға мұғалімдерге құрмет көрсету керектігі ескертіліп, алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілгенін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу