Павлодарда оқушылар оқ атты

1156

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Павлодарда оқушылар оқ атты

Павлодарда оқушылар тапаншадан оқ атты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Polisia.kz дерегінше, 23 қаңтарда кешкі сағат 17.47-де 34 жастағы Павлодар тұрғыны полицияға белгісіз біреулер терезеге оқ атты деп шағым түсірген.

"Бұл дерек бойынша жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнында белгісіз біреулер 2 рет оқ атқанын, оқ Бұқар жырау көшесінде орналасқан үйдің 3-қабатындағы балконның терезесіне тигені анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Тексеріс барысында полиция қызметкерлері қаладағы №6, 16, 24, 29, 34 мектепте оқитын 13-15 жас аралығындағы оқушыларды ұстаған.

"Биыл 23 қаңтарда сағат 15.30 шамасында олар досының үйіне компьютерлік ойын ойнауға жиналған. Жасөспірімдердің бірі өзімен бірге тапаншаға ұқсас затты алып келген. Ол оны танысынан алған. Кейін олар тапаншаны тексеру үшін балконға шығып, кезекпен 5 рет оқ атқан. Оқтың бірі Бұқар жырау көшесін орналасқан пәтердің терезесіне тиген", – деп жазылған хабарламада.

Полицейлер тапаншаға ұқсас затты тәркілеген.

"Сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша оқушыларға қатысты шешім қабылданады", – деп жазылған хабарламада.

Кәмелетке толмағандардың іс-әрекетіне ата-анасы немесе заңды өкілі жауап береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу