Павлодарда өндірісте пайдаланған суды қайта қолдану әдісі зерттеліп жатыр

534

Павлодарлық ғалым өндіріс ошақтарында пайдаланылатын суды кәдеге жарату бойынша зерттеу жұмыстарын бастады.  

Павлодарда өндірісте пайдаланған суды қайта қолдану әдісі зерттеліп жатыр Фото: gov.kz

Қазіргі уақытта ауқымды  жоба әзірлеп жатыр. Ол үш ай ішінде облыстағы он шақты зауытта болып, мәліметтерді жинақтаған, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Ендігі кезеңде жиналған мағлұматтарды сұрыптап, математикалық есептеулер жүргізбек. Мақсаты – өндірістен кейінгі су ресурстарын тазартып, қайта пайдалану бойынша нақты ұсыныс дайындау. Оның айтуынша, жинақталған суды ауыл шаруашылығына жұмсауға болады. Осылайша, тіршілік көзін үнемдеп, су тапшылығының алдын алуды көздеп отыр. Бұл - технология сала үшін жаңалық емес.

Кей кәсіпорындар пайдаланған суды қайта қолданып келеді. Десе де, мұндай өндіріс көп емес. Ғалым бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында 15 млн теңгенің грантын ұтып алған. Жергілікті университет жанындағы ғылыми-инновациялық хабта 100-ден астам жоба қолға алынған. Бүгінгі күні 30-дан астам зерттеу қатар жүргізіліп келеді.

"Біздің екі мақсатымыз бар. Біріншісі – суды үнемдеу, екіншісі – зиянды қалдықтардың көлемін азайту. Алдағы уақытта әр кәсіпорын үшін бұл бағытта жүргізілген зерттеулердің нақты нәтижелері ұсынылады. Яғни, индустриялық зоналар мен зауыттардың мүмкіндіктерін есептеп, нақты мәліметтерді ұсыну. Дәл осындай зерттеу Қазақстанда бұрын-соңды жүргізілмеген", - дейді PHD докторы Иван Раделюк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу