Павлодарда өртеніп кеткен көлік жанынан адам мәйіті табылды

426

Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Павлодарда өртеніп кеткен көлік жанынан адам мәйіті табылды Фото: instagram.com/tipavlo.dar

Павлодарда тұрғын үй аулалардың бірінде өртеніп кеткен көлік жанынан 2001 жылы туған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 ақпанда таңғы сағат 05:31-де үйлердің бірінің маңында "ВАЗ-2190" көлігі өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен. Өрт аумағы 4 шаршы метрге тараған.

"Өрт сөндіру қызметі көлік қаңқасының жанынан 2001 жылы туған ер адамның өртенген мәйітін тапты. Өлімнің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство өрттің сағат 05:46-да оқшауланып, 05:48-де толығымен сөндірілгенін атап өтті.

"Оқиғаның себебі мен шығыны анықталып жатыр. Оқиға орнында бес адам мен бір техника жұмыс істеді. Аталған оқиғаға қатысты материалдар полиция тапсырылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу