Павлодарда отбасылық жанжал шығарған азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Сағат 01:30-да полицияға қызғаныш салдарынан жұбайы жанжал шығарғаны туралы хабар келіп түсті. Полиция қызметкерлері келгенде, жұбайының азаматтық қарудың иесі екені анықталды. Полиция қызметкері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартып, материал сотта қаралды, – деді Павлодар облысы ПД қызметкерлері.
Сот шешімімен жанжал шығарған адамға 10 тәулікке қамалды.
Полиция қару бар жерде ауыр қылмыстардың орын алу қаупі жоғары екенін айтады.
Сондықтан азаматтарға жанжал себептерін жоюға, эмоцияны бақылауға және тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарға жол бермеу үшін алкогольдік сусындарды шамадан тыс пайдаланбауға кеңес береді.