Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайғылы оқиға Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінде тіркелді. Болжамды мәліметтерге сай, келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Салдарынан өзі оқиға орнында жан тапсырды.
– Оқиға кезінде тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп келеді. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу департаментінің бақылауында, – деп хабарлады ҚР Ішкі істер миниистрлігінің баспасөз қызметі.
Осы уақытта жарақат алған әскери қызметші медициналық көмекке жүгінген. Жағдайы мәз емес.
– 2001 жылы туған науқас Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, тұрақты. Барлық қажетті емдік шаралар жүргізілуде, – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.