Павлодарда пәтерден өрт шығып, үй иесі улы түтінге тұншығып қалған

489

Пәтерде төсек-орын өртенген. Түтіннен уланған 52 жасар азамат қазір ауруханада жатыр.

Павлодарда пәтерден өрт шығып, үй иесі улы түтінге тұншығып қалған Фото: canva.com

Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Лермонтов көшесі, 94 мекенжайында орналасқан 5 қабатты үйдің пәтерінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Біздің өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Белгілі болғандай, пәтерде матрас жанған. Баспана иесі улы түтінге тұншығып қалған. Өрт жедел сөндіріліп, зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді", – деп мәлімдеді Павлодар қалалық 1-МӨСБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Тұмайкенов.

Оқиға орнында 18 қызметкер мен 7 автокөлік жұмыс істеді.

Мамандар өрттің шығу себебі мен шығынын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу