Павлодарда психоневрологиялық орталық күзетшісі 13 жасар баланы бірнеше рет соққыға жыққан

Жаға ұстатар жайтты жасанды интеллект анықтап берді. 

Павлодарда психоневрологиялық орталық күзетшісі 13 жасар баланы бірнеше рет соққыға жыққан Фото: vittcson.by

Облыс орталығындағы психоневрологиялық орталықтағы бейнебақылау камераларына "Жасанды интеллект зорлық-зомбылыққа қарсы" жүйесі қосылған. Мұндай "ақылды" камералар агрессия белгілерін анықтауға көмектеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Бұл жүйе арқылы қызметкерлер мен тәрбиеленушілер тарапынан орын алатын зорлық-зомбылық әрекеттері анықталады. Атап айтқанда, айғай, құлау даусы естіліп, қол жұмсаған сәттер таспаланады. Сондай жағдайлардың бірі өткен жылдың соңында белгілі болды. 

Павлодар облыстық прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, 30 желтоқсан күні жасанды интеллект аутизммен ауыратын 13 жасар балаға кезекті рет қол жұмсау фактісін анықтаған.

Белгілі болғандай, мекеме күзетшісі баланы бірнеше рет ұрған. Аталмыш жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексі 109-бабы – "Ұрып-соғу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Өкінішке қарай, бұл – орталықтағы алғашқы жағдай емес. Бұған дейін бейнебақылау камералары арқылы санитардың балаға қол көтергені анықталған-ды. Кейін қызметкер жұмыстан қуылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу