Павлодарда салынып жатқан жаңа көпірде өрт шықты

107

Бүгін таңертең Павлодар қаласында Ертіс өзені үстінен салынып жатқан жаңа автокөлік көпірінің тірек құрылысы өртенді. Оқиға №5 тіректе тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Павлодарда салынып жатқан жаңа көпірде өрт шықты Фото: @112pavlodar

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1 ақпан күні "101" пультіне құрылыс нысанында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру бөлімшелері жөнелтілді.

Өрт салдарынан оқшаулау материалдары, қорғаныс шатыры және ағаш қалып конструкциялары жанған. Жалын биікте орналасқандықтан, оны сөндіру барысында белгілі бір қиындықтар туындаған.

Өрт сөндірушілер жалпы аумағы шамамен 100 шаршы метрді құраған жалынды толықтай ауыздықтап, көпірдің өзге құрылымдарына таралуына жол бермеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу